Біз әрбір бүлдіршіннің тұлға болып қалыптасуына және басқалармен қарым-қатынас дағдыларын дамытуына көмектесеміз. Сабақтарда біз сахнада өнер көрсетуді үйренеміз, ағылшын тілін оқимыз және спортпен айналысамыз. Біздің педагогтарымыз баланы қызықтыра біледі және әрқашан қолдау көрсетеді.
Мемлекеттік стандарт
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша жұмыс атқарамыз.
Тәрбие мен оқыту
Тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар сақталады.
Білікті мамандар
Біздің мамандар үнемі ізденіс үстінде әрі жоғары білімді, өз істерінің шеберлері қызмет атқарады.
Құжаттар бөлімі
Өзін-өзі бағалауы
Құжаттар
Фотогалерея
Оқыту-тәрбиелеу үрдісі
Ұйымдастырылған іс әрекеттер ойын түрінде өткізіледі.
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру.
Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру
Сынақ күніне жазылыңыз
Балаңызды топқа жазбас бұрын, балабақшамызбен, ондағы жағдаймен және ортамен танысып шығуға шақырамыз. Байланыс нөміріңізді қалдырсаңыз, біз сізге хабарласамыз.
Жаңалықтар
Атауы
Алтын күз мерекесі
Барысы
Барлық топтарда күз мезгіліне арналған ертеңгіліктер ұйымдастырылды.